Елімізде ауыл шаруашылығының маңызды маусымдарының бірі мақта жинау науқаны жалғасуда. Осынау жауапты кезеңде диқандардың тынымсыз еңбегінің арқасында мақта теріліп, мақта тізбегі күн сайын биіктей түсуде.
Мақташыларды қолдау, олардың қажырлы еңбегіне құрмет көрсету мақсатында Дьяневский этрапындағы «Ватан» диқандар бірлестігінің егістік алқабында «Диқандар байыды – ел нығайады» атты сазды шара өтті.
Түскі үзілісте ұйымдастырылған шараға қоғамдық ұйым өкілдері, мәдениет және өнер қызметкерлері, жерді жалға берушілер мен механизаторлар қатысты.
Фестивальде орындалған музыкалық шығармалар ауыл еңбеккерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың тынымсыз еңбектерін жалғастыруға моральдық қолдау болды. Сөйлеген сөздерде елімізде халықтың бақуатты өмір сүруін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру бағытында атқарылып жатқан шаралар мақтанышпен атап өтілді.
Диқандардың еңбегіне деген құрметті арттырып, жаңа жетістіктерге деген құштарлығын арттырып, ауыл еңбеккерлерінің басын біріктіруде мұндай шаралардың маңызы зор.





