Әлемге әйгілі ойыншықтар жасайтын LEGO компаниясы Еуропадағы төртінші зауытын Португалияда салуды жоспарлап отыр. Даниялық компания жаңа жобаны жүзеге асыруға 1 миллиард еуро инвестиция салады.
Зауыт Португалияның Эстарреха қаласында салынады. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталып, өндірістік кешен 2030 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.Жоба аясында мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін заманауи автоматтандырылған технологиялармен жабдықталған кәсіпорын құрылады.
Жаңа өндіріс кешені 60 гектар аумақты алып жатыр. Жабық өндіріс пен басқа да нысандардың жалпы ауданы 115 мың шаршы метрді құрайды. Кәсіпорында өндірілген ойыншықтар Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдерінің нарығына жеткізіледі.
Қазіргі уақытта LEGO өндіріс орындары Еуропада Дания, Венгрия және Чехияда жұмыс істейді. Португалияда салынатын жаңа зауыт компанияның аймақтағы өндірістік қуатын одан әрі арттыра түспек.
Жеке бөліктерден құрастырылған LEGO құрылыс жинақтары әртүрлі жастағы балалар арасында өте танымал және шығармашылық және дизайн дағдыларын дамытуға ықпал етеді.





