Германия Федеративтік Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петра Дахтлер Лебап велаятына жұмыс сапарымен барды. Бұл оның Түркіменстанға елші болып тағайындалғаннан кейін ел аймақтарына жасаған алғашқы сапары болды. Бұл туралы Германияның дипломатиялық миссиясының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарланды.

Ел аймақтарымен танысудың астананы зерттеуден кем түспейтінін атап өткен елші сапар барысында Лебап велаятындағы өмірдің түрлі саласына қызығушылық танытты.

Сапар велаят хәкімімен кездесуден басталды. Содан кейін Петра Дахтлер «Вечерний Түркменабат» оркестрінің репетициясына қатысып, дирижері Атагелді Розыевпен әңгімелесті.

Дипломат Түркменабат қаласындағы №27 арнаулы орта мектепте де болды. «PASCH – Мектептер: Болашақ серіктестері» бастамасына қатысқан бұл оқу орны неміс тілін оқытуға ерекше көңіл бөледі.

Петра Дахтлер мектеп басшылығымен және ұстаздарымен кездесіп, оқушылармен де әңгімелесті. Олардың кейбіреулері стипендиялық бағдарламалардың арқасында Германияға барғандары да айтылды. Кездесу барысында елші өзінің кәсіби жолы туралы айтып, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Дипломат мектеп оқушыларының белсенділігі мен неміс тілін үйренуге деген қызығушылықтары оған жағымды әсер қалдырғанын атап өтті. Сондай-ақ ұстаздардың еңбегіне ризашылығын білдірді.

Сапар аясында Петра Дахтлер Сейітназар Сейди атындағы Түркімен мемлекеттік педагогикалық институтында және «Тәзе заман» қоғамдық ұйымында болып, олардың өкілдерімен кездесулер өткізді.

Лебап велаятына сапарын аяқтаған елші Мэри велаятына бет алды.