«Тәуелсіз, мәңгілік бейтарап Түркіменстан – қанатты тұлпарлар мекені» жылы да Түркіменабад жас спортшыларының жетістіктерімен есте қалды. Солардың бірі қалалық No9 спорт мектебінің оқушысы Айлара Сүлейманова.

Айлара Сүлейманова бір жыл бойы ушу және тай боксынан республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, түрлі номинациялардағы марапаттарға ие болды.

Ол Қырғыз Республикасында өткен халықаралық муай-тай жарысында алтын медаль жеңіп алды. Қытай Халық Республикасында өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында да сәтті өнер көрсетіп, күміс медаль иегері атанды.

Жас спортшының айтуынша, қол жеткізген табыста түркімен спортын дамыту, жастардың спортпен айналысуына жағдай жасау және жоғары санатты спортшыларды қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстардың үлесі зор.

Қазіргі таңда Айлара Сүлейманова бапкері Руслан Чөлиевтің жетекшілігімен өзге де спортшылармен бірге алдағы халықаралық жарыстарға дайындық үстінде.

Елімізде заманауи спорт мектептерінің, стадиондар мен оқу-жаттығу алаңдарының құрылуы жас спортшылардың шеберліктерін шыңдап, жаңа спорттық жетістіктерге ұмтылуына мол мүмкіндіктер береді.