Лебап велаяты Берекет этрапындағы «Нұрлы Мейдан» шаруа қожалығы Түркменабатқа жақын орналасқан құс фабрикасының өндірістік ғимараттарын жалға алып, осында өндірісті жолға қойды.
Түркіменстан Сауда және сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің велаят тұтынушылар қоғамдары бірлестігіне қарасты құс шаруашылығы кешенінде бүгінгі таңда өндіріс жұмыстары белгіленген талаптарға сай жүргізілуде. Жаңа өндіріс орнында санитарлық, ветеринарлық және зоотехникалық нормалардың сақталуына баса назар аударылады.
Шаруа қожалығының негізгі өндірістік кешені 50 гектар аумақты алып жатыр. Мұнда жылына 16 миллион дана жұмыртқа мен 8 мың тонна тауық етін өндіруге арналған өндірістік цехтар, сондай-ақ 14 миллион тауық басын шығаратын инкубатор бар.
Шаруа қожалығы Түркіменабад маңындағы құс кешенінің өндірістік ғимараттарымен бірге Балқанабат маңында орналасқан құс кешенінің өндіріс орындарын да жалға алған.
Жаңа өндіріс орындарының іске қосылуы құс шаруашылығында өндіріс көлемін ұлғайтуға және ішкі нарықтың тауық еті мен жұмыртқа өнімдеріне сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.





