С.Ә.Ниязов атындағы Қойтендаг етрап, Лебап велаятындағы диқандар бірлестігінде мақта жинау науқаны қызу жүріп жатыр. Шаруа бірлестігінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші Айтувған Абсаматов атап өткендей, қазіргі кезеңде ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің басты міндеті – «ақ алтынды» ысырапсыз жинап алу.
Елімізде ауыл шаруашылығы саласын жетілдіру, мақта өсірудің ғылыми негізделген әдістері мен озық технологияларды өндіріске енгізу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың арқасында жыл сайын мақтадан мол өнім өсіруге болатынын баса айтты.
Шаруаның айтуынша, жасалған жағдай мен көрсетілген қолдаудың арқасында биылғы жылы бірлестік алқаптарында да жақсы мақта өнімі қалыптасты. Қазір диқандар оны дер кезінде, ысырапсыз жинауға бар күш-жігерін салып жатыр.








